Абралиев Оңалбек Алтыбайұлы 28 қазанда 1957 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақермен ауылында дүниеге келген, №11 мектепте 1965-1975 жж. оқыған, Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылық институтының аспирантурасын бітіріп 1989 жылы кандидаттық, 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде докторлық диссертация қорғаған. Ғылым мен білім беру саласындағы педагогикалық еңбек өтімі 3 жыл: аға оқытушы, доцент, профессор, оқу бөлімінің бастығы, факультет деканы, кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты-жер ресурстарын экономикалық бағалау, топырақ құнарлығын қорғау мен сақтау, табиғат қорғау шараларының қаржылық тетіктерін жетілдіру мәселелеріне арналған. Сондай-ақ Қазақстандағы ауылшаруашылық зоналарындағы топырақ бонитет балдарын және бүлінген жерлерді қалпына келтірудің экономикалық тиімділігін жүйелі түрде экология-экономикалық тұрғыдан зерттеген. Жарияланған еңбектерінің саны 190 оның ішінде: 1 монография, 1 оқулық, 11 оқу құралдары, 140 ғылыми мақалалары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 177,6 б.т. жарық көрген. О.Абралиевтың ғылыми-педагогикалық еңбек жолы бәсекеге қабілетті білікті де білімді мамандарды даярлауға бағытталған және студенттер, магистранттар, докторанттардың ғылыми- зерттеу жұмыстарына жоғары деңгейде жетекшілік жасайды. Оның жетекшілігімен 10 магистрант магистерлік және 4 аспирант кандидаттық диссертацияларын қорғаған. Қаржы мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік комиссия мүшесі. Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының әлемдік аграрлық нарыққа кірістіру стратегиясын дайындау бойынша ғылыми зерттеу жобаларын орындаған. Қазіргі уақытта экономика ғылымдарының докторы, профессор Абралиев Оңалбек Алтыбайұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Менеджмент" кафедрасының профессоры қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2011 ж); "Айрықша еңбегі үшін" (2010 ж.), "Еңбек ардагері" (2016 ж); "Аграрлық ғылымға қосқан үлесі үшін" (2016 ж.); "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2017 ж.) , ҚР АШМ "Құрметті ардагері" (2019 ж.) төсбелгілерімен марапатталған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Жамбылгидромелиорат.құрылыс инст.
Жоғары
1980

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
28.06.2007

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
01.01.2001
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0